Трамп Израиль мен Иран арасында бейбітшілік орнатуға уәде берді

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамп Truth әлеуметтік желісінде қақтығысушы тараптарды бітімге келуге шақырып, Израиль мен Иран арасында бейбітшілік орнатуға уәде берді, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі. 

Трамп Израиль мен Иран арасында бейбітшілік орнатуға уәде берді
Фото: Anadolu

— Иран мен Израиль мәміле жасауы керек, мен Үндістан мен Пәкістанды мәміле жасатқанымдай олар да келісім жасайды, — деп жазды Дональд Трамп TruthSocial әлеуметтік желісінде. 

Трамп президент ретіндегі бірінші мерзімінде Сербия мен Косово арасында, сондай-ақ Мысыр мен Эфиопия арасындағы қақтығысты тоқтатқанын атап өтті. 

— Дәл осылай бізде жақын арада Израиль мен Иран арасында бейбітшілік орнайды! Қазір көптеген қоңырау мен кездесу болып жатыр, — деп қосты АҚШ президенті.

Трамп Израильдің Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеиді өлтіру туралы ұсынысын қабылдаған жоқ, деп хабарлады америкалық шенеунік NBC News арнасына. 

Калифорниялық демократ сенатор Адам Шифф пен Кентукки штатынан республикашыл сенатор Рэнд Пол «Баспасөзбен кездесу» бағдарламасының жүргізушісі Кристен Уэлкерге АҚШ Иранмен әскери қақтығысқа барудан сақ болуы керек екенін мәлімдеді.

Өз кезегінде Израиль делдал ретінде әрекет ететін батыс елдері арқылы Ираннан шабуылдарды тоқтатып, ядролық келіссөзге қайта оралуын сұрады, деп хабарлады Тегерандағы жоғары лауазымды ирандық дереккөз NBC News-ке. 

Бұған дейін Израиль премьер-министрі Нетаньяху Иранның Израильге қатысты мәлімдемесін күмәнмен қабылдағанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар