Трамп: Израильге Қатар мәселесінде сақ болу керек

АСТАНА. KAZINFORM - Израильге Қатар мәселесінде сақ болу керек. «Арменпресс»-тің хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп бұл туралы Нью-Джерси-дегі Морристаун әуежайында журналистермен болған әңгіме барысында айтты.

Трамп: Израильге Қатар мәселесінде сақ болу керек
Фото: armenpress

Израильдің Қатардағы ХАМАС көшбасшыларына жасаған соққысы туралы не айтар едіңіз деген сауалға: «Мен олардың сақ болғанын қалар едім. Әрине, Израильге ХАМАС-қа қатысты қандай да бір шара қолдану керек. Ал Қатар қашанда АҚШ-тың сенімді серігі болған. Оны көбі біледі»,-деді Трамп.

Сонымен қатар АҚШ көшбасшысы Қатар әмірі Тамим бин Хамад аль-Танидің өте жақсы адам екенін айтты. Оған қазір өзінің абырой мәселесіне назар аудару керек. Себебі Қатарда ол туралы елдің пікір жақсы емес.

- Ал Израильге және басқаларға да сақ болған жөн, - деді Трамп.

Айта кетейік, 9 қыркүйекте Израиль ХАМАС көшбасшыларын нысанаға алып, Қатар астанасына соққы жасады. ХАМАС осы шабуыл салдарынан қозғалыстың бес мүшесі қаза болғанын айтты.

 

Соңғы жаңалықтар