Трамп қаза тапқан Чарли Киркті ең жоғары азаматтық медальмен марапаттады

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ президенті Дональд Трамп сейсенбі күні консервативті белсенді Чарли Киркті қаза тапқаннан кейін елдің ең жоғары азаматтық марапаты – Бостандық президенттік медалімен марапаттады, деп хабарлайды ВВС.

Убийство Чарли Кирка: к чему может привести идеологическая борьба с применением оружия в США
Коллаж: Kazinform/ Canva/ Wikipedia

Кирк 10 қыркүйекте Юта алқабы университетінде сөз сөйлеп отырған кезінде оққа ұшқан еді.

«Бүгін біз еркіндік жолында күрескен батыл күрескердің, ешкімге ұқсамайтын қайсар көшбасшының рухына тағзым ету үшін жиналдық», – деді Трамп Ақ үй алдында өткен марапаттау рәсімінде.

Президент медальді қайтыс болған саясаткердің жесірі Эрика Киркке марапатты жеке табыстады (суретте).

Салтанатты шараға Трамптың жақын одақтастары – вице-президент Джей Ди Вэнс, мемлекеттік хатшы Марко Рубио, сенаторлар Тед Круз, Майк Ли, Рик Скотт және Өкілдер палатасының спикері Майк Джонсон қатысты.

Чарли Кирктің өлімі АҚШ-та үлкен резонанс туғызды және елде саяси зорлық-зомбылыққа қатысты пікірталастарды қайта ушықтырды. Бұл оқиға республикашыл Трамп үшін біріктіруші факторға айналды. Ол оны өз электоратын жұмылдыру және өзі «радикалды солшыл экстремизм» деп атайтын құбылыспен күресу үшін ауқымды шараларды талап етудің негізі ретінде пайдаланды.

Айта кетсек, өткен айда консервативтік көзқарастарымен танымал америкалық блогер Чарли Киркке Юта алқабы университетінде сөйлеп тұрған сәтінде оқ атылғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар