Трамп компаниясының берешегі 650 миллион доллар

АСТАНА. ҚазАқпарат - New York Times газетінің журналистері редакциялық тексеру барысында Республикалық партия атынан АҚШ кандидаттығына үміткер Дональд Трамп иелік ететін компанияда 650 миллион доллардай берешек жиналып қалғанын анықтады, деп хабарлады РИА Новости.
None
None

Сайлауалды науқаны алдында Трамп өзін миллиард доллар табысы бар, ешкімге қарызы жоқ бизнесмен ретінде көрсеткен.  Алайда New York Times   АҚШ аумағында оның компаниясының миллиондаған берешегі бар екенін жазды. Әрі сома бұдан бұрын жарияланған құжаттарда мәлімделген сомадан екі есе асып түседі.

Атап айтқанда, Трамп федералдық органдар үшін қаржы декларациясын толтырды, соған сәйкес оның компаниясының қарызы 315 миллиардқа жуықты құрады, алайда декларация оның бизнесінің бөлігін ғана ашты.

Газет активтер мен жылжымайтын мүлік пен берешекке   байланысты бизнес  жобалар жұмысы  шетел бизнесінің қатысуын қоса алғанда, күрделі схеманы қамтитынын атап өтеді.

Трамп мамырда жұршылыққа өзінің 10 миллиард доллары бар екенін мәлімдеген болатын.   

Соңғы жаңалықтар