Трамп Латын Америкасының есірткі картельдеріне қарсы әскери одақ құратынын жариялады

АСТАНА.KAZINFORM - АҚШ президенті Дональд Трамп 10-нан астам Латын Америкасы елінің көшбасшылары қатысқан саммитте аймақ елдерінде есірткі саудасымен күресу үшін әскери коалиция құрылатынын жариялады, деп хабарлайды DW.

Трамп
Фото: AP

– Біз Таяу Шығыста ИМ-ді жою үшін коалиция құрғанымыздай, енді өз елімізде картельдерді жою үшін солай істеуіміз керек, - деді Трамп.

Оның айтуынша, келісімнің мәні «қасірет картельдері мен террористік желілерді жою үшін өлімге әкелетін әскери күш қолдануға» дайындықта.

Трамп Мексиканы Батыс жарты шардағы есірткі картельдерінің орталығы деп атады.

- Біз оларды толығымен жоюымыз керек, себебі олар нашарлап барады. Олар өз елін басып алып жатыр. Картельдер Мексиканы басқарып отыр, - деп қосты ол.

Басылым Мексика президенті Клаудия Шейнбаум АҚШ-тың елде әскери операциялар жүргізуіне жол бермейтінін бірнеше рет мәлімдегенін атап өтті.

Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға өте қатты шабуыл жасалатынын айтты. Әскери операция кезінде АҚШ алғаш рет қару-жарақтың бірқатар жаңа түрін қолданды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум