Трамп: Лос-Анджелес өртінен зардап шеккендерге жиналған $100 млн жоқ

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ президенті Дональд Трамп Лос-Анджелестегі орман өртінен зардап шеккендерге көмек ретінде жиналған 100 миллион доллардың жоғалып кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісінде жазды.

Трамп: Украинамен сирек кездесетін минералдар жөніндегі келісімге келесі аптада қол қойылады
Фото: Anadolu Ajansı

«100 миллион доллар жоғалды. Бұл қаражат Лос-Анджелестегі өрттен зардап шеккендерге көмек ретінде жұмсалуы керек еді. Мұндай апаттар дұрыс басқару болғанда мүлде орын алмас еді. Губернатор Ньюсом Солтүстік Калифорния мен Тынық мұхитының солтүстік-батысынан миллиардтаған галлон суды ағызудан бас тартты. Бұл бәрін өзгертер еді!», – деп жазды Трамп.

Трамп аталған қаражат FireAid шарасы аясында жиналғанын меңзеді. Бұл – жыл басында Лос-Анджелесте болған жойқын орман өрттерінен баспанасыз қалған тұрғындарға көмек ретінде ұйымдастырылған біркүндік қайырымдылық концерті. Концертте Оливия Родриго, Кэти Перри мен Леди Гага сынды танымал әншілер өнер көрсетіп, нәтижесінде шамамен 100 миллион доллар жиналған болатын.

Айта кетейік, Трамп Таиланд пен Камбоджа премьерлерінің кездесуге келіскенін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар