Трамп: Мадуроның Венесуэлла президенті ретінде санаулы күндері қалды

АСТАНА. KAZINFORM - Дональд Трамп АҚШ пен Венесуэла арасында соғыс болуы екіталай екенін және Николас Мадуроның бұл елдің басшысы ретінде санаулы күндері қалғанын айтты. Бұл туралы АҚШ Президенті CBS-тің «60 минут» бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды DW.

Трамп: дни Мадуро как президента Венесуэлы сочтены
Коллаж: Kazinform /  ТАСС / cv.wikipedia.org

Трамп сұхбатында Мадуроның «жақын арада тақтан түседі» деген оймен келісетінін айтты.

«Солай дер едім және солай ойлаймын», - деді ол.

АҚШ-тың әскери кемелері 2025 жылғы қыркүйек айының басынан венесуэлалық есірткі картельдерімен байланысы бар халықаралық су айдынындағы кемелерге бірнеше рет соққы берді. Сонымен қатар, АҚШ Венесуэла жағалауында әскери кемелердің шағын тобын және Пуэрто-Рикода жойғыш ұшақтарды орналастырды. Оны Трамп есірткі саудасымен күрес үшін жасалған шара деп түсіндірді. Алайда Венесуэла президенті Николас Мадуро Трампты «сылтау ойлап тауып, соғыс бастамақ» деп айыптады.

Естеріңізге сала кетейік, қазан айының соңында АҚШ Венесуэлаға ірі ұшақ тасымалдағышын жіберді. АҚШ Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, ол «Президенттің трансұлттық қылмыстық ұйымдарды жою және есірткі терроризміне қарсы іс-қимыл бастамасын қолдауға» бағытталған.

Венесуэланың Қазақстандағы елшісі Kazinform агенттігіне берген эксклюзивті сұхбатында АҚШ әскери-теңіз күштері шабуылдаған кемелер есірткі картельдерімен байланысты емес екенін мәлімдеді.

Куба президенті Мигель Диас-Канель X әлеуметтік желісіндегі жазбасында АҚШ-ты сынға алып, Мадуроны қолдады.

Соңғы жаңалықтар