05:24, 09 Ақпан 2025 | GMT +5
Трамп Маскқа Пентагонның шығындарын тексеруді бұйырды
АСТАНА.KAZINFORM - Бұл туралы Дональд Трамп бір күн бұрын Илон Маск басқаратын жаңа үкіметтік тиімділік департаментінің (DOGE) жұмысы туралы айта келе мәлім етті, деп хабарлайды DW.

- Мен оған Пентагонды, яғни армияны қайта тексеруді тапсырдым, - деп келтіреді Франс Пресс оның сөзін.
АҚШ президенті Қорғаныс министрлігінің кейбір шығындары «қауіпсіздігі жоғары аймақтар болуы мүмкін» екенін мойындады.
АҚШ-тың 2025 жылға арналған қорғаныс бюджеті 850 миллиард доллардан астам және әлемдегі ең үлкен бюджет екені аталып өтті.
Бұған дейін Илон Маск үкіметтің БАҚ-қа жұмсайтын шығынын қысқартатыны хабарланған болатын.
Айта кетейік, Трамп әскерге қатысты төрт бұйрыққа қол қойған болатын.