Трамп Медведевтің мәлімдемесінен кейін атомдық сүңгуір қайықтарды орналастыруды бұйырды

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевтің сөзіне байланысты екі атомдық сүңгуір қайықты орналастыру туралы бұйрық берді.

Медведев ответил Трампу, обозвавшего его «несостоявшимся президентом
Коллаж: Kazinform

 — Мен бұл ақымақ әрі арандатушылық сипаттағы мәлімдемелер сөз жүзінде ғана қалмай, нақты әрекетке ұласуы мүмкін деген қауіппен екі атомдық сүңгуір қайықты тиісті аймақтарға орналастыруға бұйрық бердім. Сөз — маңызды құрал, ол күтпеген салдарға алып келуі мүмкін. Бұл жолы олай болмайды деп үміттенемін, — деп жазды Ақ үй басшысы Truth Social парақшасында.

Бұл ретте президент сүңгуір қайықтар нақты қайда жіберілгенін нақтыламады.

Бұған дейін Дмитрий Медведев Трамптың Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеу мерзіміне қатысты мәлімдемесіне өте қатқыл жауап берген болатын.

Осыдан кейін Трамп пен Медведев әлеуметтік желілерде бір-біріне қарсы өткір мәлімдемелер жасап, ашық пікірталасқа түсті.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-тың БҰҰ жанындағы уақытша сенімді өкілінің орынбасары Джон Келли Дональд Трамптың пікірін жеткізіп, Ресей мен Украина 8 тамызға дейін бейбіт келісімге келуі тиіс екенін мәлімдеген еді.

 

Соңғы жаңалықтар