Трамп Мексикадағы есірткі картельдеріне шабуыл жасауға қарсы емес

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ президенті Дональд Трамп есірткі картельдерімен күресу үшін Мексикаға ықтимал cоққы жасауға немесе америкалық әскерлерді жіберуге қарсы емес екенін мәлімдеді, деп хабарлайды NBC News.

Трамп не будет возражать против нанесения ударов по наркокартелям в Мексике
Фото: ТАСС

- Есірткі саудасын тоқтату үшін Мексикаға шабуыл жасаймын ба? Мен оған қарсы емеспін, біз есірткі саудасын тоқтату үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Мен демалыс күндері Мехико қаласында болдым, онда күрделі мәселелер бар, - деп хабарлады Дональд Трамп.

Трамп Мексикаға соққы сол елдің рұқсаымен жасалады ма деген сауалға, жауап бермейтінін айтты. Ол қазір келіссіөз жүргізіп жатқанын, мексикалықтар оның ұстанымын жақсы білетінін жеткізді.

- Біз су жолдарын жауып тастадық, бірақ біз әрбір бағытты білеміз. Біз әрбір есірткі баронының мекенжайын білеміз. Біз олардың әрқайсысы туралы бәрін білеміз. Олар адамдарымызды өлтіріп жатыр. Бұл соғысқа ұқсайды. Мен мұны істер ме едім дейсіз бе? Мен бұнымен мақтанар едім, - деді Дональд Трамп.

Мексика президенті Клаудия Шейнбаум Мексикадағы америкалық әскери әрекеттер өзінің рұқсатынсыз мүмкін емес екенін бірнеше рет мәлімдеді.

Трамп сонымен қатар Колумбиядағы кокаин фабрикалары жабылса, қуанатынын айтты.

Бұған дейін Трамп Венесуэлада құрлықтағы әскери операцияның жүргізілу мүмкіндігін жоққа шығармады.

 

Соңғы жаңалықтар