Трамп НАТО-ға өкпелі: АҚШ-қа ендігәрі бұл ұйым елдерінің көмегі қажет емес

АСТАНА. KAZINFORM – Дональд Трамп АҚШ-тың НАТО-дағы «көптеген одақтасы» Вашингтонға Иранға қарсы әскери операцияға араласқысы келмейтінін хабарлағанын мәлімдеді. Трамп бұл пікірін өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі жазбасында білдірді.

НАТО
Фото: Анадолы

– Мені олардың әрекеті таңғалдырмайды, себебі мен әрқашан НАТО-ны біржақты қозғалыс көшесі деп санайтынмын. Біз бұл елдерді қорғауға жыл сайын жүздеген миллиард доллар жұмсаймыз, ал олар біз үшін, әсіресе қиын сәтте, ештеңе істемейді, — деп жазды ол.

Сондай-ақ Трамп АҚШ пен Израиль Иранның армиясын, флотын және әуе күштерін жойып, ел басшылығының барлық дерлік деңгейдегі өкілдерін өлтіргенін тағы да қайталады.

Осыған байланысты, оның айтуынша, АҚШ-қа НАТО елдерінің көмегі қажет емес.

– Біз ешқашан мұқтаж болған емеспіз! Бұл Жапония, Аустралия немесе Оңтүстік Кореяға да қатысты. Біз ешкімнің көмегіне мұқтаж емеспіз, — деп қосты америкалық көшбасшы.

Еске сала кетсек, бұған дейін АҚШ президенті Еуропа елдері АҚШ-қа жәрдемдеспесе, НАТО-ның болашағы бұлыңғыр екенін айтқан.

Соңғы жаңалықтар