Трамп неге Ауғанстандағы Баграм базасын АҚШ қарамағына қайтаруға құштар

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамптың Баграм әуе базасын АҚШ қарамағына қайтарғысы келетінін қайталап мәлімдеуі әлем назарын Ауғанстанға аударды. Бұл АҚШ-тың әскери контингенті Ауғанстанға қайта оралады деген сөз бе? Kazinform сарапшысы осы сұраққа жауап іздеп көрді.

Афганистан снова оказался в центре внимания мирового сообщества после того, как Дональд Трамп несколько раз заявлял, что хочет получить авиабазу Баграм. Почему Трамп поднял этот вопрос именно сейчас, и зачем она нужна США, разбирался международный обозреватель агентства Kazinform.
Коллаж: Kazinform/ Canva/ Wikipedia/ instagram.com/whitehouse

Трамп бұл мәлімдемені 18 қыркүйекте Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармермен кездесуінде айтты. 20 қыркүйекте әлеуметтік желі арқылы «Ауғанстан Баграмдағы әуе базасын оны салғандар Америка Құрама Штаттарына бермесе, жаман жағдай болатынын ескертті.

Тәліптер бұл талаптан бас тартты. Олар Доха келісімі бойынша АҚШ Ауғанстанның ішкі істеріне араласпауға міндеттеме алғанын еске салды. Ауғанстанның Қорғаныс министрі Мұхаммед Якуб Муджахид АҚШ базаны өз бақылауына күшпен алмақ болса, тағы 20 жыл соғыс жүргізуге дайын екендерін жеткізді. Бас штаб бастығы Кари Фасихуддин Фитрат ауған жерінің «бір дюймін» де ешкімге берілмейтінін қадап айтты.

Билік басындағы 3 жыл: Талибан Усама бен-Ладен кезінен бері қалай өзгерді
Фото: Rahmat Gul

Трамп тәліптердің ұстанымын біле тұрып неге осындай даулы мәлімдеме жасады? 2021 жылдың тамызында ауған жерін тастап шыққан АҚШ енді неге бұл елге назар аудара қалды? Трамптың мәлімдемесі тым қатқыл шыққанымен, АҚШ Ауғанстанмен қайта соғыспайтыны түсінікті.

Тәліптер Баграмдағы базаны АҚШ бақылауына беруге көнгеннің өзінде нысанды қамтамасыз ету үшін күрделі инфрақұрылымды күтіп ұстау шығындары, ішінде қауіпсіздік мәселесін шешу керек болады. АҚШ-тың басқа әскери нысандарынан барынша алыс жатқан Ауғанстандағы жалғыз база Вашингтонға ешқандай басымдық та бермейді.

самолеты сша
Фото: АҚШ Қорғаныс министрлігі (Пентагон)

Вирджиниядағы америкалық әскери элитамен кездескен кезде Д.Трамп АҚШ әскерінің АҚШ-тан үдере қайтуын орыс-украин қақтығысының басталуымен байланыстырды. Оның пайымдауынша, сол кездегі АҚШ билігінің шалағай шешімі Путинді Украинаға қарсы озбыр әрекетке итермелеген. Дегенмен АҚШ Ауғанстаннан кету арқылы үлкен шығындардан құтылды. АҚШ әскерилері бұл елде жыл сайын 8-10 млрд доллар жұмсағаны туралы деректер бар.

Ұлы Америка туралы ұрандатқыш Трампқа Ауғанстанда әскери база ұстау символдық тұрғыдан маңызды. Басқалай айтсақ, АҚШ Ауғанстан аумағына қайта әскер кіргізуге құлықты емес. Оның қажеті де шамалы. Тіпті қажет деп тапқан күннің өзінде ілік болар себеп те жоқ. Жуықта ғана Талибан өкілі Абдул Матин Кани Ауғанстан аумағында ДАИШ қызметі толығымен тоқтатылғанын мәлімдеді. Ал 2001 жылы АҚШ-тың ауған жеріне кіруіне аймақтағы терроршы ұйымдар мен тәліптер арасындағы ым-жымы бір ынтымақ желеу болған еді. Осыдан болса керек, тәліптер Д.Трамптың Баграмдағы база туралы мәлімдемесінен кейін ДАИШ туралы қарымта мәлімдеме жасады. Мұны «сақтықта қорлық жоқ» деген ұстаным ретінде қарауға болады.

Жалпы, 2021 жылы АҚШ-ты Ауғанстаннан эвакуациялаудың жағымсыз әсеріне назар аудармасаңыз, Доха процесінің нақты нәтижелері бар. Белгілі бір дәрежеде жағдай «Талибанның» билікке келуінен барлық жағымсыз үміттермен тұрақтанды деп айтуға болады.

канал куштепа в Афганистане
Фото: ariananews.af

Талибан Ауғанстан билігін қайта қолына алғаннан бері өңірлік деңгейдегі интеграцияға қатты көңіл бөле бастады. Әмудариядан Коштепа арнасына су бұру жобасы, Қазақстан мен Өзбекстан арқылы темір жол логистикасына инвестиция салу идеясы, Түрікменстаннан трансауған газ құбырын тарту, Тәжікстаннан электр энергиясын жеткізу жобалары тәліптердің діни догмамен шектеліп қалмай инфрақұрылымға барынша көңіл бөліп жатқанын көрсетті. Қытайдың Ауғанстанмен арадағы сауда-саттығы 2024 жылы 19% өсіп, 1,6 млрд долларға жеткені және бар.

Трамптың көзі түсіп отырған Баграм әуе базасы Қытайдан алыс жатқан жоқ. Оның мәліметі бойынша бұл база «Қытайдың ядролық қару өндіретін базасынан бір сағаттық жерде тұр». Әңгіме Қытайдың ядролық сынақтар алаңына айналған Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Лобнор полигоны туралы болып отыр.

Осыны ескерген кейбір сарапшы Трамптың бұл мәлімдемесін тәліптерге емес, Қытайға қысым жасау әрекеті ретінде бағалап отыр.

Қытай Ауғанстанда тыныштық болғанына мүдделі екенін ашық көрсетіп отыр. Оның үстіне Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына кіретін елдердің көбі Ауғанстанмен шектесіп жатыр.

Осы аймақтағы екі ірі ойыншының бірі Қытай болса, екіншісі – Ресей. Бейжің 2023 жылы бірінші болып Ауғанстанға жаңа елшісін тағайындады. Ал Ресей 2025 жылы Талибан билігін бірінші болып мойындады.

Осының бәріне қарап Баграм төңірегіндегі таласты америка-қытай бәсекесінің бір қыры ретінде бағалауға болады. Ол бәсеке Ауғанстан аумағында тағы бір соғыс өртінің өршуіне әкеле қоймас. Өйткені бұл бәсекелестік саудамен көбірек байланысты. Ал саясатсыз сауда болмайтыны белгілі.

Соңғы жаңалықтар