Трамп Нетаньяхуды соттан қорғап, оған кешірім жасауға шақырды

АСТАНА. KAZINFORM – Президент Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды қорғап сөз сөйледі. Ол сөзінде премьерге қарсы сот процесі жемқорлықпен байланысты екенін мәлім етті, деп хабарлайды Kazinfrom тілшісі.

Трамп защищает Нетаньяху от суда и призывает к помилованию
Фото: видеодан алынған кадр

- Мен жақында ғана өзінің тарихындағы ұлы істерге толы уақытты бастан кешірген және Нетаньяху сынды өзіне сенімді басшы басқарып отырған Израиль мемлекетінің іштен жау іздеп, өзінің ұлы премьерінен күдіктеніп отырғанын естіп, таң қалдым, - деп жазды Truth Social желісіндегі парақшасында.

Трамп сондай-ақ сөзінде «Біз Биби (Нетаньяху) екеуміз жақында ғана Израильдің өте қатал, ежелгі жауы Иранмен соғыса отырып, тамұқтан шыққандай болып отырмыз. Биби Израиль тарихында болмаған мықты батыр екенін көрсетті», -деді.

АҚШ президенті Израиль премьер-министрінің ұзақ уақыттан бері жалғасып келе жатқан (Бұл 2020 жылдан бері жалғасып келе жатқан масқара шоу. Израильдің іс басындағы премьер-министрінің сотта жауап беруі алғаш рет болып отыр) саяси мақсатта дайындалған сот отырысына шақырылғанына қапа болғанын айтты.

- Бибидің соты жедел түрде тоқтатылып, халқының ұлы батырына кешірім жасау керек. Израильді құтқарып қалған АҚШ болатын, Биби Нетаньяхуды да АҚШ қорғайтын болады. Бұл «әділетті сотты» тоқтату керек,-деп аяқтады сөзін АҚШ президенті.

Айта кетейік, Неаньяхуға голливудтық магнат Арнон Милченнен қымбат сыйлықтар алды деген айып тағылып отыр, деп жазады FOX News.

Бұған қоса Нетаньяхудың жұбайы 1996 жылы Милчанмен кешкі ас алдында алып Багза Банни ойыншығына тапсырыс берген.

Осыған дейін Трамптың Израиль мен Иран арасында атыстың толық тоқтатылғанын жариялағаны туралы жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар