Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Трамп Оман Ормуз бұғазы жөніндегі келіссөзге кедергі келтірсе, шабуыл жасайтынын айтып, қорқытты

АСТАНА.KAZINFORM - АҚШ президенті Дональд Трамп егер Оман Ормуз бұғазын бақылауға алу туралы келісімге кедергі келтірсе, оған шабуыл жасаймын деп қорқытты, деп хабарлайды агенттіктің Вашингтондағы тілшісі NBC News-ке сілтеме жасап.

Трамп угрожает разбомбить Оман: Сенат против
Фото: instagram.com/royanewsenglish

- Егер Оман жолымызды кессе, біз оны түк қалтырмай бомбалаймыз, - деді Трамп Fox News-тің бас халықаралық тілшісі Трей Инстпен телефон арқылы сөйлесуінде.

Инст эфирден Трамптың Ормуз бұғазының мәртебесі бойынша Оман мен Иран арасындағы келіссөз туралы сұраққа берген жауабын жариялады. Алайда сұхбаттың аудиожазбасы берілмеген.

Сол күні Ақүйдегі журналистермен кездесуде тілшілер Трамптан эфирде айтылған сөзді нақтылауын сұрады.

- Мен олар өздерін дұрыс ұстамады, деп ойламаймын. Бірақ біз басқа мәселелерді шешкеніміз сияқты, олармен де оңай тіл табысар едік, - деді Дональд Трамп.

Йемен, БАӘ және Сауд Арабиясымен шекаралас әрі Ормуз бұғазына жақын орналасқан Оман Иранмен осы маңызды теңіз жолы бойынша келіссөз жүргізіп жатыр.

Сенбі күні Иранның жартылай ресми Mehr News ақпарат агенттігі Иранның Оманмен су жолы арқылы кеме қозғалысы бойынша келісімге келгенін хабарлады.

Теңіз трафигін бақылау жөніндегі MarineTraffic қызметінің мәліметінше, Ормуз бұғазындағы кеме қатынасы демалыс күндері іс жүзінде тоқтап қалған, тек 13 кеме өтті, оның үшеуі жексенбі күні өткен.

Дүйсенбі күні АҚШ пен Иранның маусым айындағы соғысты тоқтатуға және Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келісімге келуге белгілеген 60 күндік мерзімі аяқталды.

Трамптың қоқан-лоқысына жауап ретінде демократ сенатор Тим Кейн дүйсенбі күні Сенат тамыз айындағы демалысынан оралған соң, Оманға қарсы әскери әрекеттерге тыйым салатын Соғыс өкілеттіктері туралы заңға сәйкес қарар енгізуді жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды JNS.

Кейн Трамптың «Оманға шабуыл жасаймын» деп қорқытуы президенттің «әлем бойынша соғыс өртін тұтатып, қоқан-лоқы көрсету науқаны арқылы есінен адасып бара жатқанын» дәлелдейтінін айтты.

- Мен бұл соқыр, билікке мастанған президенттің АҚШ пен әлемге бұдан да көп зиян келтіруіне жол бермейтін республикашыл әріптестерім табылатынына үміттенемін, - деді сенатор.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп жақын арада Ормуз бұғазын Америка Құрама Штаттарының аумағы деп жариялау ниетін мәлімдеген болатын.