Трамп Оңтүстік Кореяда Си Цзиньпинмен кездеседі
АСТАНА. KAZINFORM — Ақ үйдің баспасөз қызметі келесі аптада АҚШ президенті Дональд Трамптың Азияға сапары кезінде ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесетінін жариялады, деп хабарлайды Anewz.
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролин Ливитт журналистерге президент Трамп жұма күні кешке Малайзияға баратынын айтты. Сапар барысында ол Жапония мен Оңтүстік Кореяға аялдайды. Ал Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесу Трамптың Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (APEC) саммитінен кейін жоспарланған.
— Жергілікті уақыт бойынша бейсенбі күні таңертең президент Трамп елге оралмас бұрын Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен екіжақты кездесу өткізеді, — деді Левитт.
Трамп сәрсенбіде Оңтүстік Кореяға барады, онда ол президент Ли Чжэ Мёнмен кездеседі. APEC бизнес көшбасшыларының түскі асында сөз сөйлейді. Содан кейін АҚШ пен АТЭС басшыларына арналған жұмыс кешіне қатысады.
Вашингтон мен Бейжің арасындағы шиеленіс қазан айының басынан басталды. Қытай сирек кездесетін металдар экспортына шектеулерді айтарлықтай кеңейткен кезден бастап шиеленіс үдей түсті. Алайда Трамп та қарап қалмады. Ол тариф және басқа да шаралармен қорқытты. Бірақ соңғы күндері сауда келісіміне қол жеткізуге оптимистік көзқарас танытты.
— Менің ойымша, бұл іс өте жақсы аяқталады және бәрі риза болады, — деді Трамп.
Трамп ең алдымен фентанил мәселесін көтеретінін айтты. Вашингтон Пекинді ұзақ уақыттан бері АҚШ-та өлімге әкелетін артық дозаланған препаратты өндіру үшін пайдаланылатын прекурсорларды экспорттауға кедергі келтірді деп айыптап келеді. Қытай өз кезегінде бұл айыпты жоққа шығарып, Вашингтонды бұл мәселені Бейжіңге «бопсалау» үшін пайдаланды деп айыптады.
Ақ үй Қытайдан келетін осы химиялық заттардың ағынын Қытай импортына баж салығын көтеру себептерінің бірі ретінде атады.
— Мен оған қоятын бірінші сұрақ — фентанил. Мен оны тізімнің басына қоямын, — деді Трамп.
Осыған дейін Трамп Будапештте Путинмен әзірге кездеспейтінін мәлімдеді.