Трамп орта тап үшін бұрын-соңды болмаған төмен салық ұсынды

АСТАНА. KAZINFORM - Федералды үкімет салықты азайтып, айтарлықтай кіріс жоғалтуы мүмкін. Алайда Трамп бұл түсімдерді жанама түрде арттырады деп есептейді. Бұл туралы New York Post жазды. 

Трамп орта тап үшін бұрын-соңды болмаған төмен салық ұсынды
Фото: currenttime.tv

— Бұл жұмыс істейтін, орта таптағы америкалықтар үшін тарихта бұрын-соңды болмаған салықты азайту болады, - деді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролин Левитт журналистерге берген сұхбатында. 

Левитт АҚШ президенті талаптарының тізімін оқып, оларды президент әкімшілігінің «салықтық басымдықтары» деп атады. 

- Трамп 5 қарашадағы сайлауда жұмысшылар мен зейнеткерлерге бағытталған салықтық бастамаларының арқасында жеңіске жетті, - деп жазады New York Post. 

АҚШ басшысы өзінің Невададағы 20 жылда алғаш рет жеңіп алған жеңісін салықты алып тастау жоспарымен байланыстырады. 

Федералды үкімет салықты азайтудан кірісін айтарлықтай жоғалтуы мүмкін. Дегенмен Трамп салықты азайту экономикалық белсенділікті ынталандырады, салық түсімдерін жанама түрде арттырады деп есептейді. 

Салық қорының бағалауынша, салықты алып тастау 10 жыл ішінде бюджетке шамамен 118 миллиард доллар шығын әкеледі. 

Егер бюджеттік зертхананың мәліметі бойынша, үстеме жұмыстан алынатын салық алынып тасталса, онжылдықта шығын 1,3 триллион долларды құрайтын еді. 

Жауапты федералды бюджет комитетінің бағалауы бойынша, әлеуметтік қамсыздандыру салығын алып тастау 10 жыл ішінде 1,8 триллион долларға дейін шығын әкеледі. 

Салық шегерімінің шегін қайта қарау құны оның толығымен жойылғанына немесе жай ғана ұлғайтылғанына байланысты болмақ. Толық күшін жою 10 жыл ішінде 1,2 триллион долларға бағаланады. 

Трамптың спорттық командалардың иелері мен хедж-қорлардың менеджерлері үшін салық саңылауларын жабу туралы ұсынысы жоғалған кірістің бір бөлігін өтейді, бірақ барлығын емес.