Трамп өзінің қауіпсіздігіне алаңдайтынын айтты

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің қауіпсіздігіне алаңдайтынын, бірақ мұндай ойлардан аулақ болуға тырысатынын айтты, деп хабарлайды Report.

Трамп өзінің қауіпсіздігіне алаңдайтынын айтты
Фото: ТАСС

Бұл туралы америкалық көшбасшы NBC News арнасына берген сұхбатында мәлімдеді, оның үзінділерін Ақ үйдің баспасөз қызметі X әлеуметтік желісінде жариялады.

— Мен бұл туралы алаңдаймын, бірақ мұны ойымнан шығаруым керек, әйтпесе менің жұмыс істеуім мүмкін емес, — деді америкалық көшбасшы.

Айта кетейік, Трамп 2024 жылы екі рет қастандық жасау әрекетінен аман қалған болатын. Біріншісі шілде айында Пенсильваниядағы сайлауалды науқанында болған — снайпердің оғы оның құлағын жанап өткен. Екінші оқиға оның Флоридадағы Мар-а-Лаго резиденциясының жанында болды.

Осыған дейін Дональд Трамп Гарвардтан 1 млрд доллар көлемінде өтемақы талап еткені туралы жаздық. 

Соңғы жаңалықтар