Трамп партия құрғысы келген Илон Маскқа жауап берді

АСТАНА. KAZINFORM - АҚШ президенті Дональд Трамп жаңа партия құратынын жариялаған өзінің бұрынғы одақтасы Илон Масктың «жынды болып кеткенін» айтты, деп хабарлайды ВВС.

Трамп Маскқа партия құру ниетіне жауап берді
Фото: Х / @realDonaldTrump

- Илон Масктың есінен айырылғанын көру мені қынжылтады [...] Ол тіпті Америка Құрама Штаттарында ешқашан табысқа жете алмағанына қарамастан үшінші партия құрғысы келеді — жүйе оларға арналмаған сияқты, - деп жазды Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде.

Трамп Масктың партия құру ниетіне жауап берді
Фото: truthsocial.com/@realDonaldTrump

Айта кетейік, Маск «Америка» атты жаңа саяси партия құрылғанын жариялады.

АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның бұрынғы одақтасы, Tesla компаниясының бас директоры Илон Маск арасындағы шиеленіс қайтадан өршіді.

Бұған себеп — елдегі бюджеттік шығындар туралы заң жобасының қабылдануы. Осыған байланысты АҚШ президенті Маскқа мемлекеттік субсидияларды алып тастап, оны Оңтүстік Африкаға «қайтаруға» қоқан-лоққы жасады.

The New York Times басылымының мәліметінше, миллиардер әрі Трамптың бұрынғы кеңесшісі Маск егер бұл ішкі саясатқа қатысты заң жобасы қабылданатын болса, өзі «Америка партиясын» құрып, Конгресстегі республикашылдардың көбіне қарсы шығатын кандидаттарды қолдайтынын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар