Трамп пен Харрис дауыс беру алдында сайлаушылармен соңғы кездесулерін өткізді

Трамп, Харрис, кандидаты в президенты США
Фото: silive.com

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ-тағы президенттік сайлауда дауыс беруге санаулы сағаттар қалды. Мемлекеттегі ең жоғары лауазымға үміткерлер құбылмалы штаттарда сайлаушылармен соңғы кездесулерін өткізді, деп хабарлайды Euronews. 

Республикалық партиядан кандидат Дональд Трамп Солтүстік Каролина, Пенсильвания және Мичиганда сөз сөйледі. Басты тақырыптардың бірі — заңсыз көші-қон болды.

Трамп егер Мексика үкіметі шекара арқылы мигранттар ағынын тоқтатпаса, Мексикадан келетін барлық импортқа 25 пайыздық баж салығын енгізу жоспарын жариялады.

Демократ Камала Харрис сайлау науқанының соңғы күні Пенсильванияға барды. Вице-президент Скрантон, Аллентаун, Рединг, Питтсбург және Филадельфияда сөз сөйледі.

Трамп пен Харристің сайлау штабтары Пенсильванияны ең маңызды штат ретінде қарастырады, өйткені ол сайлаушылардың ең көп дауысына ие — 19.

Президенттік бәсекеде әлі де айқын фаворит жоқ. Атап өтілгендей, сайлау қорытындысын болжау мүмкін емес.

Еске сала кетсек, 5 қарашада АҚШ-та президенттік сайлау өтеді.

Бұған дейін АҚШ-тағы президент сайлауы Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін екенін талдап көрген болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар
telegram