19:55, 16 Наурыз 2025 | GMT +5
Трамп пен Путин келесі аптада сөйлесуі мүмкін — Уиткофф
АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф CNN-ге берген сұхбатында Дональд Трамп пен Владимир Путин келесі аптада тағы да телефон арқылы сөйлесуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды BILD.

— Президент Трамп мұны (қақтығысты) тоқтатуды қалайды. Менің ойымша, президент Путин мен президент Зеленский де мұны тоқтатқысы келеді, — деді Уиткофф.
Сондай-ақ, оның пікірінше, Путин «Трамптың философиясын» қабылдайды.
Бұған дейін Уиткофф Мәскеуде Владимир Путинмен кездескен еді. АҚШ президенті арнайы өкілінің айтуынша, кездесу 3-4 сағатқа созылып, жағымды атмосферада өтті.
Осыдан бұрын Дональд Трамп АҚШ әскеріне йемендік көтерілісші хуситтерге қарсы әрекетті бастауды тапсырғанын жазған едік.