Трамп пен Путин Мажарстанда кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ және Ресей президенттері Дональд Трамп пен Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі. 

Трамп пен Путин Венгрияда кездеседі
Фото: Canva

Әңгіме екі сағаттан астам уақытқа созылды.

Ақ үй басшысы әңгімелесудің нәтижелі өткенін атап өтті.

– Президент Путин мені және Америка Құрама Штаттарын Ұлы жетістікпен – Таяу Шығыстағы бейбітшіліктің орнауымен құттықтады. Ол бұл туралы ғасырлар бойы армандадық деді. Мен шынымен сенемін: Таяу Шығыстағы табыс Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздерімізге көмектеседі, – деп жазды Трамп Truth Social желісіндегі парақшасында.

Сонымен қатар америкалық лидердің айтуынша, олар Украинадағы қақтығыс реттелгеннен кейін Ресей мен АҚШ арасындағы сауда мәселесін де талқылаған.

– Әңгіме соңында келесі аптада екі елдің жоғары лауазымды кеңесшілерінің кездесуін өткізуге уағдаластық, – деді Трамп.

АҚШ тарапынан алғашқы кездесулерге мемлекеттік хатшы Марко Рубио және есімдері кейін жарияланатын бірқатар тұлға қатысады. Кездесудің нақты орны кейін анықталады.

Ақ үй басшысы атап өткендей, содан кейін ол Путинмен Будапештте кездеседі.

Сондай-ақ Трамп 17 қазанда Украина президенті Владимир Зеленскиймен Ақ үйдің Оваль кабинетінде кездесіп, Путинмен әңгіме және басқа да мәселелерді талқылайтынын айтты.

Еске салайық, биыл тамыз айында Трамп пен Путин Аляска штатындағы «Эльмендорф–Ричардсон» әскери базасында келіссөздер өткізген болатын

Соңғы жаңалықтар