Трамп пен Путин Зеленскиймен келіссөзден кейін не туралы сөйлесті

АСТАНА. KAZINFORM — Ресей және АҚШ президенттері Владимир Путин мен Дональд Трамп шамамен 40 минутқа созылған телефон әңгімесін жүргізді, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі. 

Трамп пен Путин Зеленскиймен келіссөзден кейін не туралы сөйлесті
Коллаж: canva

Америка президенті Путинге Владимир Зеленскиймен және бірқатар еуропалық елдің жетекшілерімен келіссөз аяқталғаны туралы ақпараттандырды, деп хабарлады Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков брифингте. 

РФ мен АҚШ президенттерінің әңгімесі ашық және сындарлы сипатта болды:

— Әңгіме шамамен 40 минутқа созылды.

Ресей президенті Трамптың Украинадағы ұзақ мерзімді реттеуге әкелетін шешімдерді іздеудегі жеке күш-жігерінің маңыздылығын тағы да атап өтті.
Аляскадағы кездесу де талқыланды.

— Біздің президент америкалық әріптесіне қонақжайлылығы, Аляскадағы кездесуді жақсы ұйымдастырғаны және Украина дағдарысын бейбіт жолмен шешу жолындағы кездесу барысында қол жеткізілген ілгерілеушілік үшін жылы лебізін білдірді, — деп атап өтті Ушаков.

Әңгімелесу қорытындысы

Путин мен Трамп РФ мен Украина делегациялары арасындағы тікелей келіссөзді жалғастыруды қолдайтынын білдірді.

— Украин және ресейлік тарап өкілдерінің, яғни жоғарыда аталған тікелей келіссөзге қатысатын өкілдердің деңгейін көтеру мүмкіндігін зерделеу керек деген идея талқыланды.

Ел басшылары «украин және халықаралық және екіжақты күн тәртібіндегі басқа да өзекті мәселелер бойынша бір-бірімен тығыз байланыста болуды жалғастыруға келісті».

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский мен АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйдегі жабық келіссөзді аяқтап, еуропалық көшбасшылармен кездесуге кіріскенін жазған едік.

Трамп, Зеленский мен Еуропа көшбасшыларының Ақ үйдегі кездесуі қалай өткенін мына материалдан оқи аласыз.

Соңғы жаңалықтар