Трамп пен SoftBank АҚШ-қа 100 млрд доллар инвестиция құяды

АСТАНА. KAZINFORM — SoftBank бас директоры Масайоши Сон Флоридада жаңадан сайланған президент Дональд Трамппен кездесу барысында алдағы 4 жылда 100 млрд доллар инвестиция құйылатынын мәлімдеді.

Трамп и SoftBank инвестируют в США $100 млрд
Фото: PalmBeachPost видеосынан скриншот

Бұл туралы Kazinform агенттігі CNBC-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Миллиардер инвестор және жапондық технологиялық инвестициялық фирманың негізін қалаушы Дональд Трамппен бірлескен мәлімдемеде жасанды интеллект пен онымен байланысты инфрақұрылымға бағытталған кемінде 100 мың жұмыс орнын құруға уәде берді. Ақша Дональд Трамптың өкілеттігінің соңына дейін орналастырылады. 

— Бұл тарихи инвестиция Американың болашағына деген сенімнің монументалды көрінісі және ол жасанды интеллект, жаңа технологиялар және ертеңгі басқа салалар дәл осында, АҚШ-та құрылып, дамитынына кепілдік беруге көмектеседі, — деді Дональд Трамп.

Қаржыландыру «SoftBank» басқаратын әртүрлі көздерден, соның ішінде «Vision Fund» немесе чип өндіруші «Arm Holdings» есебінен болуы мүмкін. 

Масайоши Сон мен Дональд Трамп 2016 жылы Трамп алғаш рет президент болып сайланғаннан кейін осындай мәлімдеме жасады: жапондық фирма 50 мың жұмыс орнын құру үшін 50 млрд доллар инвестициялауға келісті.

Еске сала кетсек, Time журналының нұсқасы бойынша жыл адамы атағы АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трампқа бұйырды.

Соңғы жаңалықтар