Трамп Пентагонға дереу ядролық қаруды сынақтан өткізуді бастауды тапсырды
АСТАНА.KAZINFORM - АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-тың ядролық қаруды сынақтан өткізуді бастағанын жариялады. Ол Пентагонға осындай бұйрық берген. Бұйрық Truth Social желісінде жарияланған.
 
                                              Дональд Трамп басқа елдерге қарағанда АҚШ-та ядролық қару көбірек екенін мәлімдеді.
- Бұған мен президент лауазымына алғаш сайланғаннан кейінгі мерзімде қол жеткізілді. Ол уақытта қолданыстағы қарудың барлығы жаңартылып, жаңғыртылды. Қарудың жойқындылығына қарай мен бұл істі жек көрдім. Бірақ, амал жоқ, атқару керек болды. Ресей екінші орында тұр. Қытай бесінші орында, алайда олар алдағы бес жылда теңесіп қалады. Өзге елдер сынақтан өткізіп жатқандықтан мен министрлікке өзіміздің ядролық қаруымызды сынақтан өткізуге бұйрық бердім. Бұл іс мейлінше шұғыл басталады, - деді Дональд Трамп.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп олардың арсеналында озық қару жүйелерінің бар екенін жариялаған болатын.
Осыған дейін Қытайдың АҚШ-тан қайтадан соя сатып ала бастағаны туралы жаздық.