Трамп Путин және Зеленскиймен үшжақты кездесу өткізуді көздеп отыр

АСТАНА.KAZINFORM —  АҚШ президенті Владимир Путинмен Аляскада өтетін кездесуі сәтті өтсе, бұл кездесуден кейін бірден Ресей және Украина басшыларымен үшжақты саммит ұйымдастыруды көздеп отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС

Трамп Путин және Зеленскиймен үшжақты кездесу өткізуді көздеп отыр
Фото: x.com/whitehouse

АҚШ президенті Дональд Трамптың айтуынша, егер Владимир Путинмен Аляскадағы кездесу жақсы өтсе, ол мүмкіндігінше тез арада Ресей мен Украина қатысатын үшжақты келіссөз ұйымдастырмақ.

— Егер алғашқы кездесу жақсы өтсе, біз екінші кездесуді тез арада өткіземіз. Оны бірден жасағым келеді. Екінші кездесуге президент Путин, президент Зеленский және мен қатысамын, егер олар менің қатысқанымды қаласа, — деді ол Вашингтондағы Джон Кеннеди атындағы орындаушылық өнер орталығына барған кезінде.

Трамп 8 тамызда Владимир Путинмен 15 тамызда Аляскада кездесуді жоспарлап отырғанын хабарлаған еді. Кейін бұл жоспарды РФ президентінің көмекшісі Юрий Ушаков та растады. 

Айта кетелік Путин мен Трамп Анкоридждегі әскери базада кездеседі.

Соңғы жаңалықтар