23:40, 15 Тамыз 2025 | GMT +5
Трамп Путинмен кездесу үшін Анкориджге барды
АСТАНА. KAZINFORM –Нөмірі бірінші борт жергілікті уақыт бойынша сағат 10:20-да қонды, деп хабарлайды ресейлік ТАСС.

АҚШ президенті Дональд Трамптың ұшағы Анкоридждегі Элмендорф-Ричардсон авиабазасына қонды. Мұнда Трамптың Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесуі өтеді. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз-пулы хабарлады.
Оның мәліметтері бойынша, нөмірі бірінші борт жергілікті уақыт бойынша сағат 10:20-да қонды.
Осыған дейін Трамптың Путинмен кездесу үшін Анкориджге ұшқаны туралы хабарладық.