Трамп Путинмен телефон арқылы сөйлесуге ниетті

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп өз командасына инаугурациядан кейінгі алғашқы күндері Ресей басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесуді ұйымдастыруды тапсырды, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Трамп Путин
Фото: Михаил Метцель/ ТАСС

Әңгімелесу Трамп қызметіне кіріскеннен кейін бірнеше ішінде өтетіні жоспарланған. Әңгімелесудің бір мақсаты — Украинадағы қақтығысты тоқтату үшін алдағы айларда жеке кездесуді талқылау, деп атап өтті CNN. 

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті инаугурациядан кейінгі алты ай ішінде Путинмен Украина дағдарысы бойынша келіссөздер жүргізуді жоспарлап отырғанын жариялады. Президент Трамптың Украина бойынша арнайы өкілі Кит Келлогтің мәлімдеуінше, ол бұған 100 күндік мерзімде қол жеткізгісі келеді.

Кейбір республикашылдар Украинадағы қақтығыс — АҚШ-қа еш қатысы жоқ еуропалық мәселе екенін алға тартып отыр. Алайда Дональд Трамп соғысты тоқтатуды өз қызметінің бірінші күнінде шешуді жоспарлап отырған маңызды сыртқы саясат мәселесі ретінде қарастырады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Трамптың инаугурациясына дайындық қызып жатқанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар