22:14, 17 Мамыр 2025 | GMT +5
Трамп Путинмен Украина мәселесін талқылауды жоспарлап отыр
АСТАНА. KAZINFORM — Дональд Трамп дүйсенбі, 19 мамыр күні Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы жағдайды бейбіт жолмен реттеу және сауда мәселелерін талқыламақ, деп хабарлайды ТАСС.

— Дүйсенбі күні сағат 10:00-де Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесемін, — деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.
Сондай-ақ ол ресейлік әріптесімен Украинадағы жағдайды бейбіт жолмен реттеу және сауда мәселелері жөнінде пікір алмасқысы келетінін айтты.
Бұған дейін Ыстанбұлдағы келіссөзде Ресей Украинаға бес шарт қойғанын жазғанбыз.