Трамп сауда тарифтерінің күшіне ену мерзімін ұзартты

АСТАНА.KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамп 1 тамызға белгіленген сауда тарифтерінің күшіне ену күні кейінге шегерілуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы ол дүйсенбі күні Ақ үйде Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен кездесер алдында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып айтты, деп хабарлайды ТАСС.

Трамп сауда тарифтерінің күшіне ену мерзімін ұзартты
Фото: Анадолы

Америка көшбасшысына тарифтердің күшіне енуі үшін «қатаң мерзім» бар ма деген сұрақ қойылды.

— Жоқ, мен бұл (мерзім) қатаң деп айтар едім, бірақ 100% емес, — деді Трамп. «Егер олар қоңырау шалып, басқаша әрекет жасағысы келетіндерін айтса, біз оған да ашық боламыз. Бірақ қазір жағдай осылай», — деп түсіндірді ол.

Айта кетейік, Дональд Трамп Truth Social-да Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа 25 пайыздық тариф енгізу туралы хат жолдағанын жазған болатын.

Бұған дейін Трамп сауда келісімдерін жасау мерзімін 9 шілдеден 1 тамызға ауыстыру туралы бұйрыққа қол қойған болатын.

2 сәуірде Трамп 185 ел мен аумақ өнімдеріне кедендік баж салығын енгізетінін хабарлады. 10% әмбебап тарифтер 5 сәуірде, жеке тарифтер — 9 сәуірде күшіне енді. Сол күні АҚШ президенті кейбір жауап алымдарды 90 күнге тоқтата тұру туралы хабарлады, бұл Ақ үй түсіндіргендей, сауда консультацияларына байланысты. Осы кезеңде 10% әмбебап тариф әрекет етеді. 27 маусымда Трамп АҚШ екі жақты сауданың одан әрі шарттары, яғни АҚШ нарығына жеткізетін тауарларға салынатын баж мөлшерлемелері туралы шамамен бір жарым апта ішінде бөлек келісімдерге қол қоймайтын елдерді хабардар ететінін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар