Трамп Си Цзиньпинді қыркүйек айында АҚШ-қа шақырды
АСТАНА. KAZINFORM – Қытайға мемлекеттік сапары кезінде АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай төрағасы Си Цзиньпин мен оның әйелі Пэн Лиюаньды 24 қыркүйекте Ақ үйге шақырды, деп хабарлайды NBC News.
Бейсенбі күні кешке Бейжіңде АҚШ президентінің құрметіне салтанатты банкет ұйымдастырылды.
Құттықтау сөзінде Дональд Трамп сапардың нәтижесін оң бағалап, тиімді және жемісті кездесулер өткізілгенін атап өтті. Ол қабылдаушы тараптың қонақжайлылығына ризашылығын білдіріп, кешті достар арасында өткізілген маңызды шара деп сипаттады.
Сапардың ресми бағдарламасына таңертең жоғары деңгейдегі келіссөздер және Си Цзиньпин мен Дональд Трамппен бірге ірі америкалық корпорациялар басшыларының кездесуі енгізілді.
Түстен кейін мәдени бағдарлама аясында ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра нысаны саналатын Аспан ғибадатханасына барған екі көшбасшы сәулет кешенін аралап, бірлескен фотосессияға қатысты.
Бұған дейін Си Цзиньпин мен Дональд Трамптың Бейжіңде келіссөз жүргізгенін жазғанбыз.