Трамп Си Цзиньпинмен кездесуі тұрақтылыққа әкелетінін айтты

АСТАНА. KAZINFORM - АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде тағы да Қытай басшысы Си Цзиньпинмен болған кездесуіне арнап, жазба қалдырды. Трамп бұл кездесудің тұрақты бейбіт өмір мен табысты қамтамасыз ететінін айтты.

Трамп и Си Цзиньпин
Фото: x.com/CBSNews

Өз жазбасында АҚШ көшбасшысы ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен G2 аясында болған кездесу екі тарап үшін де маңызды болғанын атап өтті.

-Бұл кездесу тұрақты бейбіт өмір мен табысқа жетелейді,-деді Дональд Трамп.

Осыған дейін АҚШ ҚХР-мен ұзақмерзімді сауда келісімінен үмітті екенін айтқан. Трамп Америка ауыл шаруашылығы үшін АҚШ-тан ҚХР-ға соя жеткізу мәселесі жақын арада шешілетінін жеткізді.

Бұған қоса АҚШ президенті Қытай фентанил контрабандасына қарсы қосымша шаралар қабылдайды деп сенеді.

Айта кетейік, осыған дейін Қытайдың АҚШ-тан қайтадан соя сатып ала бастағаны туралы жаздық. 

 

Соңғы жаңалықтар