Трамп Солтүстік Атлантикалық келісімнің 5 бабына қатысты ұстанымын түсіндірді
АСТАНА.KAZINFORM - АҚШ президенті Дональд Трамп Гаагада болған кезінде Солтүстік Атлантика келісімінің 5 бабына қатысты ұстанымын түсіндірді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

5-бапта НАТО одақтасы қарулы шабуылдың құрбаны болса, Солтүстік атлантикалық Альянстың әрбір мүшесі бұл зорлық-зомбылық әрекетін барлық мүшелерге қарсы қарулы шабуыл ретінде қарастырып, шабуылға ұшыраған одақтасқа көмектесу үшін әрекет ететінін қарастырады.
Бұған дейін өз ұшағымен Гаагаға бара жатқанда АҚШ президенті Трамп ұжымдық қорғаныс принципін сақтай ма деген сұраққа нақты жауап бермеген.
Алайда бүгін таңертең Ақ үй басшысы АҚШ-тың 5-бапты орындау міндеттемесін растады. Ол журналистердің сұрағына сөзбе-сөз: «Біз олармен біргеміз» деп жауап берді.
Бұған қоса, Америка президенті НАТО-ның басқа мүшелерінің қорғаныс шығындарын 5%-ға дейін ұлғайту тәсілдерін «үлкен жаңалық» деп атады.
НАТО-ның бюджетін ұлғайту және қорғаныс қабілетін арттыру – Бас хатшы Марк Рютте «трансформациялық» деп атаған Альянстың қазіргі саммитінің негізгі тармағы.
Айта кетейік, бүгін Гаагадағы Солтүстік атлантикалық Шарт Ұйымы саммитінің екінші негізгі күні.