Трамп техникалық ақауға байланысты Ұлыбританияда басқа тікұшаққа отыруға мәжбүр болды

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ президенті Дональд Трамп мінген тікұшақ Лутон әуежайына шұғыл қонды, деп хабарлайды ВВС

Трампу пришлось пересесть в другой вертолет в Великобритании из-за технических проблем
Фото: oxu.az

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливиттің хабарлауынша, тікұшақ «гидравликаның аздаған ақауына байланысты» жергілікті аэродромға қонды, содан кейін Стэнстед әуежайына шамамен 20 минут кешігіп келді.

Ол бұл шешімнің «ерекше сақтық мақсатында» қабылданғанын айтып, президент пен бірінші ханымның «резервтік тікұшаққа аман-есен мінгенін» қосып өтті.

Оқиға Трамп Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармермен бірлескен баспасөз мәслихатын өткізіп жатқан Чекерстегі резиденциясынан Стэнстед әуежайына ұшып бара жатқан кезде болды.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамптың Ұлыбританияға мемлекеттік сапары аясында жасанды интеллект, кванттық есептеулер және ядролық энергетика салаларында технологиялық әріптестік туралы көп миллиардтық келісімге қол қойылғанын жазған болатынбыз.

Ұлыбритания Трампқа айрықша салтанатты құрмет көрсеткенін мына жерден оқи аласыз.

Соңғы жаңалықтар