Трамп Украина бойынша жоспарға қол қою үшін «қолайлы мерзімді» атады
АСТАНА.KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамп келесі бейсенбі Украина үшін АҚШ ұсынған қақтығысты аяқтау жөніндегі келісімге келісуге «қолайлы мерзім» болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды DW.
Басылымның жазуынша, дәл осы күні АҚШ-та Алғыс айту күні атап өтіледі және америкалық президенттің пікірінше, бұл Ресеймен келісім жасауға лайықты уақыт.
Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың Украинадағы жағдайды реттеу жөніндегі жоспарын қолдағаны хабарланған еді.
АҚШ Украина президентіне бейбіт жоспар жобасын тапсырғанын Зеленский кеңсесі мәлімдеді. Украиналық лидер алдағы күндері АҚШ президентімен «бар дипломатиялық мүмкіндіктер мен бейбітшілік үшін қажет негізгі тармақтарды» талқылауды жоспарлап отыр.
Путин бұл жоспар бейбіт реттеудің негізіне айналуы мүмкін екенін айтты.
Америкалық бейбіт жоспар 28 тармақтан тұрады. Онда, соның ішінде, аумақтық концессиялар, қарулы күштер санының қысқаруы және кейбір қару түрлерінен бас тарту туралы талаптар бар.