13:36, 08 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Трамп Украинадағы қақтығысты шешу үшін Ресеймен келісім жасағысы келеді
АСТАНА. KAZINFORM – Бұл туралы Дональд Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты шешу үшін Ресеймен келісім жасасуды қалайтынын айтып, тез арада атысты тоқтатып, бейбіт келіссөздерді бастауға шақырды.
Ол жазбаны Truth Social әлеуметтік желісінде жариялады.
Бұрын хабарланғандай, АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп Парижге Нотр-Дам соборының салтанатты ашылуына барды. Бұл Дональд Трамптың қарашадағы сайлауда жеңіске жеткеннен кейінгі шетелге бірінші сапары.
Euronews хабарлағандай, Парижде Дональд Трамп, Эммануэль Макрон және Владимир Зеленскийдің үшжақты кездесуі өтті.