Трамп: Украинаға қатысты келісімдерге келудің жаңа мерзімі — 10–12 күн

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамп дүйсенбіден бастап Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеу үшін Владимир Путинге 10–12 күн беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды The Hill басылымы.

п
Фото: whitehouse.gov

Бұл туралы Ақ үй басшысы Шотландияда Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармермен өткізген баспасөз мәслихатында айтты.

— Күтудің мәні жоқ. Біз ешқандай ілгерілеуді байқамай отырмыз, — деді Трамп, неге уақыт шектеуін қысқартқанын түсіндіріп.

14 шілдеде Трамп Вашингтон мен Мәскеу 50 күн ішінде келісімге келмеген жағдайда, АҚШ Ресей мен оның сауда серіктестеріне 100% импорттық салық енгізетінін мәлімдеген еді.

Алайда дүйсенбі күні ол осы 50 күндік мерзімді қысқартатынын айтып, жаңа талап қойды. Бұл пікірді Трамп Ұлыбритания премьерімен кездесу кезінде журналистер сұрағына жауап бере отырып жеткізді.

Қазіргі таңда Дональд Трамп Шотландияда ресми сапармен жүр. Кеше, 27 шілде күні, АҚШ пен Еуропалық комиссияның төрайымы Урсула фон дер Ляйен өзара тарифтерге қатысты келісімге келген болатын. Егер мәміле жасалмаған жағдайда, Вашингтон 1 тамыздан бастап ЕО-дан келетін барлық өнімге 30% тариф енгіземіз деп мәлімдеген.

Соңғы жаңалықтар