Трамп Венесуэла президентімен келіссөз жүргізуі мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ Трамп әкімшілігі Венесуэла президенті басқарады деп мәлімдеген «Картель де лос Солесті» шетелдік лаңкестік ұйым деп тануды көздеп отыр, деп хабарлайды CBS News

Трамп не исключил переговоры с президентом Венесуэлы
Фото: Kazinform /  ТАСС / cv.wikipedia.org

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио бұл туралы жексенбі күні кешке мәлімдеді. «Картель де лос Солесті» шетелдік лаңкестік ұйым деп тану туралы шешім 24 қарашадан бастап күшіне енеді. АҚШ Мемлекеттік хатшысы картельді Венесуэла президенті Николас Мадуро және «Мадуроның заңсыз режимінің басқа да жоғары лауазымды шенеуніктері» басқаратынын мәлімдеді.

Президент Дональд Трамп жексенбі күні кешке: «Біз Мадуромен келіссөз жүргізіп, оның қалай аяқталатынын көреміз. Олар сөйлескісі келді», - деп хабарлады.

АҚШ Мадуроның АҚШ-қа есірткі контрабандасымен айналысатын қарулы қылмыстық топтармен байланысы бар деп санайды. Венесуэла президенті бұл айыптауды жоққа шығарды. Соңғы екі айда АҚШ әскери күштері олардың сендіруінше Оңтүстік Америкадан АҚШ-қа есірткі тасымалдап бара жатқан 22 кемеге шабуыл жасады, салдарынан 83 адам қаза тапты.

Америкалық саясаткерлердің мәлімдемелері АҚШ-тың ұшақ тасымалдаушы кемелері Кариб теңізі айдынына енгеннен кейін жасалды.

«Джеральд Форд» әуе тасымалдаушысында ондаған жойғыш ұшақ орналасқан. Экипаж бен ұшу персоналының жалпы саны 4,5 мыңнан асады. Кемені зымыранды жойғыш кемелер мен өзге де әскери және қолдаушы кемелері бастап жүр.

Өз кезегінде Венесуэла сейсенбі күні бүкіл ел бойынша ауқымды әскери жаттығулардың басталғанын жариялады. Кейбір мәлімет бойынша, оған шамамен 200 мың әскери қызметші қатысады.

АҚШ-тың «Джеральд Форд» ұшақтасығышы Кариб теңізінде қандай операция жүргізетінін мына материалдан оқи аласыз.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум