Трамп Зеленский туралы: бір-бірімізді бұрыннан білеміз, арада келісім бар
АСТАНА.KAZINFORM — Украина президенті Владимир Зеленский мен АҚШ президенті Дональд Трамптың кездесуі Ақ үйде өтіп жатыр.

— Украина президенті Зеленскийді қабылдау үлкен мәртебе. Біз көп жұмыс жасадық және бір-бірімізді көптен бері білеміз, — деді Зеленскиймен кездесу барысында Дональд Трамп.
АҚШ президенті «Бізде әділ келісім деп атауға болатын дүние бар» деді пайдалы қазбаларды өндіру туралы негіздемелік келісімді меңзеп.
— Ресеймен өте жақсы келіссөздер жүргіздік, мен президент Путинмен сөйлестім. Біз соғыстың тоқтағанын қалаймыз әрі бұл бағытта жұмыс істейтін боламыз, — деп мәлімдеді Трамп.
АҚШ президенті Зеленскийдің генералдары мен сарбаздарын құрметтейтінін айтып, ол жауынгерлерін мақтан тұтуы тиіс екенін меңзеді. Бірақ енді соғыстың аяқталғанын қалайтынын, бұл қасірет жеткілікті екенін жеткізді.
Еске сала кетейік, Ақ үйде Трамп пен Зеленскийдің кездесуі өтіп жатыр.