Трамп жақын арада Путинмен сөйлесуді жоспарлап отыр

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамп жақын уақытта Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

Трамп жақын арада Путинмен сөйлесуді жоспарлап отыр
Фото: instagram.com/realDonaldTrump

Оның айтуынша, әңгіме «жақсы өтеді» деп үміттенеді. 

Дональд Трамп бұл жөнінде Politico басылымына берген сұхбатында айтты.

Сондай-ақ ол алдағы демалыс күндері Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесу өткізуді күтіп отырғанын жеткізді.

— Менің ойымша, онымен (Зеленскиймен — ТАСС ескертпесі) бәрі жақсы болады. Владимир Путинмен де бәрі жақсы өтеді деп ойлаймын, — деді Трамп.

Бұған дейін Зеленский мен Трамптың кездесуі 28 желтоқсанда өтетіні хабарланған болатын

Соңғы жаңалықтар