Трамп жартылай өткізгіштерге 100% тариф жариялады
АСТАНА.KAZINFORM - Сәрсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп тұрмыстық электроника мен басқа да өнімдерде пайдалану үшін импортталатын жартылай өткізгіштерге 100 пайыздық баж салығын енгізуді жоспарлап отырғанын айтты. Алайда ол бұл тарифтің АҚШ-та чип шығаруға міндеттеме алған компанияларға қатысы жоқ екенін атап өтті, деп хабарлайды Politico.

- Біз чип пен жартылай өткізгіштерге 100 пайызға жуық баж салығын саламыз, - деді Трамп.
Трамп АҚШ-та жартылай өткізгіштер шығаратын компаниялар бұл міндеттен босатылатынын айтты.
- Егер сіз қазірдің өзінде құрылыс салуға міндеттеме алған болсаңыз немесе құрылыс сатысында болсаңыз, ешқандай міндеттеме болмайды. Егер сіз қандай да бір себептермен құрылыс туралы айтып, бірақ салмай қалсаңыз, біз қайта оралып, барлығын қосамыз, біз сізге кейінірек есеп береміз. Сізге төлеуге тура келеді, - деді Трамп.
2024 жылы Америка Құрама Штаттары құны 60 миллиард доллардан асатын жартылай өткізгіш импорттады, оның ішінде Азиядан келгенінің құны 50 миллиард доллардан асады. Жетекші жеткізушілер - Азия елдері мен Еуропалық Одақ.
Айта кетейік, АҚШ-тың баж салығы туралы жаңа мәлімдемесінен кейін Үндістанның қордағы индекстері құлады,