Трамп жоғары лауазымдарға таңдаған азаматтарға қоқан-лоқы көрсетілді

АСТАНА.KAZINFORM - Трамп әкімшілігіне үміткер бірнеше адамға шабуыл жасалып, қоқан-лоқы көрсетілді, деп жазады NBC News.

Выбранные Трампом кандидаты на высшие должности подверглись угрозам насилия
Фото: pixabay

Қауіп төндірілгені туралы хабарламалар Дональд Трамп АҚШ-тың жаңа әкімшілігіндегі басшылық лауазымдарға таңдаған бірқатар адамдардан келді.

БҰҰ-дағы елші қызметіне сайланған Элиза Стефаник үйіне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама алған.

Болашақ Қоршаған ортаны қорғау агенттігінің басшысы Ли Зелдин өзін және отбасын нысанаға алатын қолдан жасалған жарылғыш зат қаупі туралы хабарлама алғанын айтты.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы лауазымына үміткер Брук Роллинс «X» әлеуметтік желісінде үйі мен отбасына қауіп төнгенін, полицияның жедел әрекетінің арқасында аман қалғанын және үйлеріне оралғанын жазды.

Бұған дейін АҚШ-тың бас прокуроры лауазымына сайланған Мэтт Гетц те үйінен бомба табылғаны туралы хабар алған. Дональд Трамп кейінірек АҚШ әділет министрлігінің басшысы қызметіне Пэм Бондиді таңдады.

Дональд Трамп қорғаныс министрі қызметіне сайлаған Пит Хегсет X әлеуметтік желісінде полицияның отбасына қауіп төніп тұрғанын ескерткенін хабарлады.

Құқық қорғау органдары бұл қоқан-лоқылардың жалған екенін, еш жерден жарылғыш зат табылмағанын айтты.