Трамп жұма күні Путинмен кездесетінін мәлімдеді

АСТАНА. KAZINFORM —  АҚШ президенті Дональд Трамп жұма күні Ресейге барып, Владимир Путинмен кездесетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform.

Трамп жұма күні Путинмен кездесетінін мәлімдеді
Фото: Anadolu

Бұл туралы ол журналистермен кездесу барысында айтты.

— Мен Путинмен кездесемін. Жұма күні Ресейге барамын. Маған мұнда болып, бұл жердің қаншалықты қауіпті, лас және сұрықсыз екенін айту ұнамайды. Бір кезде әсем болған бұл астана қазір қабырғалары граффитиге толы, — деді Ақ үй басшысы АҚШ астанасындағы қауіпсіздік шараларына арналған баспасөз конференциясында.

Бұған дейін Трамп үйсіздерді «шұғыл түрде» Вашингтоннан кетуге шақырып, қаладағы қылмысқа қарсы күресуге уәде берген еді.

Осыған байланысты ол ел астанасына ұлттық гвардияны жіберіп, «құқықтық тәртіпті қалпына келтіруге көмектесетінін» айтты. Сондай-ақ Трамп астаналық полицияны бақылауды федералдық билікке беретінін хабарлады.

Өткен аптада Ақ үй басшысы Путинмен кездесу 15 тамызда Аляскада өтетінін жариялаған болатын.

Соңғы жаңалықтар