03:24, 27 Қараша 2025 | GMT +5
Трамптың арнайы өкілі келесі аптада Мәскеуге барады
АСТАНА. KAZINFORM — Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткоффтың келесі аптада Мәскеуге келуі туралы алдын ала келісімге қол жеткізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.
— Келесі аптада Уиткоффтың Мәскеуге келуі туралы алдын ала келісімге қол жеткізілді, — деді Кремль өкілі.
Ушаков сонымен қатар АҚШ президенті өкілінен басқа, Ресейге Украина істеріне қатысы бар бірқатар АҚШ әкімшілігінің шенеуніктері де келетінін айтты.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің арнайы өкілі Стив Уиткоффқа Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөздер жүргізу үшін Мәскеуге баруды тапсырғанын және Армия хатшысы Дэн Дрисколлдың Киевте Украина үкіметінің шенеуніктерімен кездесетінін мәлімдеген болатын.