Трамптың криптовалюталық кешкі асына бір орынға орташа есеппен 1 млн доллар жұмсалды
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ президентімен кешкі асқа қатысу байқауының 220 жеңімпазы криптовалюта сатып алуға жалпы 394 млн доллар жұмсады. Бұл бір адамға есептегенде орташа есеппен 1 788 994,42 доллар болды, деп хабарлайды NBC News.

Блокчейн-сараптаумен айналысатын Nansen компаниясының талдауына сәйкес, есімін құпия еткен 200-ден астам ауқатты адам бейсенбі күні Вашингтонда Дональд Трамппен бірге кешкі асқа $ TRUMP мемкоинін сатып алу үшін 55 мыңнан 37,7 млн-ға доллар аралығында ақша жұмсады.
Үздік жеті жеңімпаз 10 млн доллардан астам қаражат жұмсаса, төменгі 24 жеңімпаз 100 мың доллардан аз жұмсады. Жеңімпаздардың үштен біріне жуығы – 67 адам 1 млн доллардан астам қаражат жұмсаған.
Байқаудың 220 жеңімпазы Вашингтондағы Trump National Golf Club-қа кешкі асқа шақырылды.
Байқау веб-сайтында $TRUMP монеталарының 80%-ы Трамппен байланысты екі компания – CIC Digital және Fight Fight Fight LLC-ға тиесілі екенін атап өтілді.
Бұған дейін Трамп президенттік мерзімі аяқталғанша «Алтын күмбез» салуды жоспарлап отырғанын жазған болатынбыз.