Трамптың соты өтіп жатқан Нью-Йорктегі ғимарат алдында ер адам өзін-өзі өртеп жіберді

АСТАНА. KAZINFORM— АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың соты өтіп жатқан Манхэттендегі сот ғимаратының алдындағы шағын саябақта жас жігіт өзіне сұйықтық жағып, өртеп жіберген, деп хабарлады ВВС.

Трамп устидан суд жараёни давом этаётган Нью-Йорк суд биноси олдида бир киши ўзини ёқиб юборди
Фото: Facebook

«Ол сондай-ақ түрлі-түсті брошюраларды ауаға лақтырды», деп хабарлады BBC тілшісі Нада Тофик.

Сот сыртындағы кезекші полиция қызметкерлері өрт ер адамға қарай ұмтылды. Қатты күйік шалған оны зембілмен алып кеткен.

Көп ұзамай Нью-Йорк полиция департаменті жәбірленушінің ауыр халде ауруханаға жеткізілгенін және айналаның қауіпсіз екенін хабарлады.

Ер адамның әрекетінің себептері әзірге белгісіз.

Соңғы жаңалықтар