Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы кеңесшісі Джон Болтонның үйінде тінту жүргізілді

АСТАНА.KAZINFORM - Таңертең Трамптың бұрынғы кеңесшісі Джон Болтонның үйінде тінту жүргізілді. AFP журналисі ФТБ агенттерінің Мэриленд штатындағы Болтонның үйіне кіргенін көрген, деп хабарлайды ВВС

Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы кеңесшісі Джон Болтонның үйінде тінту жүргізілді
Фото из архива DW

New York Post газетінің хабарлауынша, тінту ұлттық қауіпсіздік бойынша тергеудің бір бөлігі және ФТБ директоры Кэш Пательдің бұйрығымен жасалған.

— Ешкім заңнан жоғары емес. ФТБ агенттері өз міндетін атқарып жатыр, — деп жазды Патель X парақшасында.

Жазбаны Ақ үйдің ресми аккаунты қайта жариялады. Бұл бойынша әзірге ресми мәлімдеме жасалған жоқ.

Fox News-тің хабарлауынша тергеу тараған ақпаратқа байланысты басталды. Телеарнаның хабарлауынша, Болтон қазір қамауға алынған жоқ.

Болтон 2001-2005 жылдары Джордж Буш тұсында Мемлекеттік хатшының қаруды бақылау және халықаралық қауіпсіздік жөніндегі орынбасары, одан кейін 2005-2006 жылдары БҰҰ-дағы АҚШ-тың тұрақты өкілі қызметін атқарған.

Болтон сыртқы саясатқа қатысты консервативті көзқарастарымен және Солтүстік Корея, Иран, Куба, сондай-ақ Ресей мен оның одақтастарына қатысты қатал көзқарасымен танымал. Ол АҚШ-тың ядролық әлеуетін тежейтін кез келген келісімдерге бірнеше рет қарсы шықты.

Ол 2018 жылдың сәуірінен 2019 жылдың қыркүйегіне дейін бірінші Трамп әкімшілігі кезінде ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесші қызметін атқарды. Трамп Болтонды сыртқы саясатқа деген көзқарасы бір-бірінен қатты алшақ болғандықтан жұмыстан шығарды деп мәлімдейді. Болтонның қызметінен өз еркімен кеткенін алға тартады. Биліктен кеткеннен кейін Болтон Трампты елдің сыртқы саясатын өзінің тактикалық саяси мүдделеріне бағындырды деп сынаған кітап та жазды.

АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы кеңесшісін тінту туралы сұраққа ол «Джон Болтонның жанкүйері емес» деп жауап берді.

— Ол патриот емес болуы мүмкін. Біз оны анықтаймыз, — деп қосты Трамп.

Президент тінту туралы ештеңе білмейтінін, бұл туралы бүгін таңертең естігенін айтты. Сонымен бірге Трамп «қажет болмаса» бұл туралы ештеңе білгісі келмейтінін айтты. 

Соңғы жаңалықтар