Транскаспий халықаралық дәлізі қысқа әрі қауіпсіз болады – Гасан Гасанов

«Түркіаралық интеграцияның түпкілікті мақсаты – Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ұжымдық өз-өзіне жеткіліктілігі. Өз-өзіне жеткіліктілігі дегенде бірінші кезекте елдеріміздің қауіпсіздік проблемасына кіретін әскери-саяси саладағы өз-өзіне жеткіліктілікті айтып отырмын. Ол табысты экономикалық және интеграциялық даму негізінде жүзеге асырылуы тиіс», - деді ол.
Оның атап өтуінше, түркі мемлекеттерінің ынтымақтастық үшін әлеуеті өте жоғары.
«Елдерімізде бізді мемлекетаралық балама ұйымдармен стратегиялық серіктестік деңгейіне шығара алатын әлеует бар. Түркі әлемі елдері «Солтүстік-Оңтүстік», «Батыс-Шығыс» транзиттік бағыттары ретінде өзекті аумақты алып жатыр. Түркі әлемі елдері батыс елдері үшін де, шығыс елдері үшін де қажетті энергетикалық ресурстарға ие. Түркі әлемі елдері әлемнің өзге елдерінің азық-түлік бағдарламасын шешудегі өз үлесін айтарлықтай арттыра алатын табиғи-климаттық аймаққа орналасқан», - деді Гасан Гасанов.
Әзербайжан өкілі экономикалық ынтымақтастық проблемасы Түркі мемлекеттерінің ақсақалдар кеңеесі күнтәртібіне енгізілгенін атап өтті.
«Түркі әлемі көзқарасы - 2040» құжатында «Шығыс-Батыс» транскаспий халықаралық орта дәлізін тек қысқа ғана емес, сонымен бірге қауіпсіз әрі кедендік және транзиттік процедуралары үйлесімді, тиісті халықаралық конвенциялардың тиімді орныдалуын қамтамасыз ететін табысты дәлізге айналдыру көзделген», - деді ол.