Транскаспий халықаралық көлік бағыты: Грузияның Поти қаласында мультимодальды порт терминалының құрылысы басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Грузиядағы Елшілігінің қолдауымен Қазақстан мен Грузияның болашақ жаһандық инфрақұрылымдық объектісінің құрылыс орнында екі елдің бизнес және мемлекеттік органдары өкілдерінің қатысуымен капсула салынды, деп хабаралйды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
None
Фото: gov.kz

«PTC Holding» компаниялар тобы Поти портында жоспарланған мультимодальды терминал аумағындағы құрылымдарды бөлшектеуді аяқтап, оның құрылыс жұмыстарына кірісті. Салынып жатқан терминал Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) бойынша жүк тасымалының көлемін арттыруға ықпал ететін болады.


«Порт терминалының құрылысы Грузияның ірі порттарының бірі, ТХКБ-ның тірек нүктесі ретінде Потиде іске асырылатын алғашқы қазақстандық инфрақұрылымдық жоба болады» – деді капсула салу рәсімі барысында «PTC Holding» компаниялар тобының басқарма төрағасы Тимур Қарабаев.


Оның айтуынша, терминалды пайдаланудың алғашқы жылдарында ТХКБ және CASCA+ мультимодальды көлік бағыты шеңберінде жүктерді тартуға басты назар аударылатын болады, бұл жылына 80 мың TEU (20 футтық эквиваленттегі контейнерлер) өңдеуге және көлемін одан әрі ұлғайтуға мүмкіндік береді. 2021 жылы ТХКБ бағыты шеңберінде 25,2 мың TEU, 2022 жылы – 33,6 мың TEU тасымалданды, ал 2023 жылы бұл көрсеткіш 52,9 мың TEU деңгейінде болжануда.


«PTC Holding» даму жөніндегі директоры Олжас Арықбаевтың айтуынша, жобаға салынған инвестицияның жалпы көлемі 15-20 млн долларға бағаланады. Оның қаржыландыруын қазақстандық және грузиндік қатысушылардың паритеттік негізде жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ, 2024 жылдың 1-ші тоқсанында жобаның бірінші кезегін пайдалануға беру жоспарланғанын хабарлады. Жұмыс технологиясын ескере отырып, терминалдың ең жоғарғы өңдеу күші жылына 450 мың TEU құрайды.


Соңғы жаңалықтар