Трансқазақстандық теміржол дәлізін дамыту: ауқымды 3 жоба жүзеге асады

АСТАНА. KAZINFORM — Трансқазақстандық теміржол дәлізін дамыту жұмыстары аясында ауқымды 3 жоба жүзеге асады. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Жәнібек Тайжанов айтты.

Трансқазақстандық теміржол дәлізін дамыту: ауқымды 3 жоба жүзеге асады
Фото: КТЖ

— Биыл Трансқазақстандық теміржол дәлізін дамыту мақсатында ауқымды жұмыстар басталды. Бұл дәліз Транскаспий бағытының негізгі буыны санады, — деді ол ОКҚ алаңында. 

Спикердің айтуынша, ол үшін келесі жобалар іске асырылып жатыр:

1. Қызылжар — Мойынты жаңа желісі;
2. Алтынкөл — Жетіген және Бейнеу — Маңғыстау учаскелерін жаңғырту;
3. Заманауи реттеу жүйелерін енгізу: Қызылжар — Сексеуіл, Қандыағаш — Тобыл, Ақсу-1 — Дегелең — Жаңа-Семей, Шалқар — Бейнеу, Әлімбет — Никельтау.

— Аталған жобалар бойынша мердігер ұйымдар айқындалған. 2026 жылдың соңына дейін оларды аяқтап, қолданысқа енгізу жоспарланып отыр. Жалпы, көрсетілген барлық шараларды іске асыру еліміздің транзиттік әлеуетін арттырады. Сонымен қатар, жаңа жұмыс орындарын құрып, ел экономикасының барлық салаларына мультипликативтік әсер береді, — деді Жәнібек Тайжанов.

Елімізде алдағы маусым және қыркүйек айларында екі жаңа электропойыз бағдары ашылады.

Сондай-ақ әйелдерге арналған вагоны бар жолаушылар пойызының саны 12-ге жетті. 

Соңғы жаңалықтар