«Транстелеком» АҚ мен Қытайдың «Huawei» компаниясы өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды
Ол «Huawei Technologies Co., Ltd» штаб-пәтерінде «Huawei» компаниясының корпоративтік тобының президенті Ян Лида (Yan Lida, Prezident of Enterprise Business Group (EBG) кездесті. Салтанатты рәсім үстінде «Huawei» және «Транстелеком» компаниялары арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Кездесу барысында LTE 4G енгізу, бұлтты технологияларға арналған мәліметтерді әзірлеу және беру инновациялық технологиялық жүйесі аясындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Бұл туралы «Транстелеком» компаниясының ресми сайтында хабарланған.
Сонымен қатар «Транстелеком» басшысы «Huawei» көрме орталығының павильонына барып, аталмыш компанияның IT саласындағы соңғы өнімдерімен, «Ақылды қала» технологиялар жүйесімен танысты. Өз кезегінде қазақстандық компания өкілдері қытайлық әріптестерін «Транстелеком» АҚ қызметтерінің негізгі бағыттарымен таныстырды.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы жылдың мамыр айында Қытай Халық Республикасына жасаған мемлекеттік сапары шеңберінде «Huawei» («Huawei Technologies Co., Ltd») компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Сунья Фанмен кездескен болатын. Кездесу барысында 2050 Стратегиясын жүзеге асыру және «EXPO-2017» көрмесіне дайындық, сонымен қатар қазақстандық пайдаланушылар үшін телекоммуникация және Интернет қызметтерінің аясын кеңейту мүмкіншіліктеріне байланысты мәселелер талқыланған болатын.